Тәртіп сақшылары Алматы облысында Қырғызстан азаматынан 2 килограмм героин тәркіледі

Полицияның түсініктемесіне сәйкес, Қырғызстан Республикасының есірткі бақылауы жөніндегі агенттігімен бірлесе “сыртқы қадағалаудағы жеткізілім” тәсілі бойынша өткізілген шұғыл іздестіру шараларының барысында Алматы-Бішкек трассасында, “Барыс” автокөлік базарының жанында “Ауди-100” автокөлігі ұсталды. Көлікте 39 жастағы Бішкек тұрғыны жолаушы ретінде келе жатқан. Күдіктіден тінту барысында 2,1 килограмнан астам героин табылды.

Тұтқын есірткіні Бішкектен тұтыну үшін әкеле жатқанын жеткізді. Күдікті уақытша тергеу абақтысына қамалды.