Тәртіп сақшыларының айтуынша, кеше түнде күзет жасағы Жібек Жолы және Қашғар көшелерінің қиылысында бір топ еркекті көзі шалған. Тәртіп сақшыларын байқап қалған әлгілердің біреуі бұталардың түбіне қарай бірдемені лақтырып жібереді. Көмекке әріптестерін қосып шақырған тәртіп сақшылары күдікті алты еркекті ұстады. Әлгі маңды тінту барысында күзетшілер жасағы "Оса" пневматикалық тапаншасын, оғы бар шолақ мылтық, көзінің тұсы ойылған бетперделер мен қара қолғапты тапты. Сонымен бірге тінту кезінде әлгі еркектерден марихуана тәркіленді.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұсталғандардың бірі Оңтүстік Қазақстан облысының, қалғандары Тараздың тұрғындары көрінеді.
Тәртіп сақшыларының алдын-ала жорамалына сәйкес, топ сол маңайда орналасқан әлдебір жеке меншік үйге қарақшылық шабуыл жасауға дайындалып жүргенге ұқсайды.