Тәртіп сақшылары Алматыда төрт күнде 54 килограмм есірткіні заңсыз айналымнан шығарды

Шара барысында 20 компьютерлік, 5 түнгі клуб, 25 ойын залы мен 400-ден астам автокөлік тексерілді. Нәтижесінде 4 күнде есірткіге қатысты 40 қылмыстың беті ашылды. Соның ішінде заңсыз есірткі сақтауға қатысты 20, есірткі сатуға қатысты 20 дерек әшкереленді. 45 нашақор тіркеуге алынды.

1 килограманн астам героин, 1 килограмнан астам гашиш, 52 килограманн астам марихуана тәркіленді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті