Василий Гриценконың айтуынша, "Ертістрансойл" ЖШС-де психотроптық заттарды есепке алу және сақтау тәртіптерін өрескел бұзу оқиғалары әшкереленген. "Кәсіпорын басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды",- деді ол.
Инспектордың айтуынша, кәсіпорындағы тексеру "Транзитті тасымал" атты республикалық шұғыл-профилактикалық шараның аясында жүргізілген. "Шараның мақсаты - есірткі дайындауда пайдаланылатын заттарды, басқаша айтқанда, прекурсорларды, мәселен, тұз және күкірт қышқылы, сірке суы ангидриді сынды заттарды шығарумен шұғылданатын кәсіпорындарды тексеруге саяды",- деді В.Гриценко. "Тәжірибе көрсеткендей, бұл категорияға жататын кәсіпорындар бір сәттік пайданы көздеп, технологияда қарастырылған қауіпті заттарды есепке алу және сақтау тәртіптерін қасақана ескермейді",- дейді маман.