Тәртіп сақшылары Қарағандылық әйелден 13,5 килограмм героин тәркіледі

Тәртіп сақшылары қаланың Киров ауданындағы бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде тұратын әйел есірткі саудасымен шұғылданады деген ақпарат алды. 36 жастағы цыган әйелдің үйіне тінту жүргізген тәртіп сақшылары диванның артына жасырылған 0,5 килограмм героинді тапты. Үйдің екінші бөлмесінде герион тіпті еденге шашылып тасталған екен. Оның жанынан көп мөлшерде анальгин қораптары табылды. Артынан мәлім болғанындай, саудагерлер анальгин ұнтағын салмағын арттыру үшін есірткіге қосатын көрінеді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 13,5 килограмды құрап, 100 мың долларға бағаланды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, пәтердің әйел-қожайыны қамауға алынды. Оған ҚР қылмыстық кодексінің аса ірі көлемдегі есірткіні сату мақсатымен заңсыз дайындау, өңдеу немесе сақтау жөніндегі 259-бабының 4-тармағы бойынша айып тағылды.