Баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстық ІІБ-ның ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері екі сөмкеге салынған төрт бума марихуана тауып алды.
Тергеу барысында есірткінің иесі - 28 жастағы Қаскелең тұрғыны екені және оның бұрын да істі болғаны анықталды. Тергеу барысында ол есірткіні тұтыну үшін Алматыдағы "Тастақ" базарынан сатып алғанын хабарлаған.
Тұтқын Қарасай аудандық ІІБ-ның уақытша тергеу қапасына қамалды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.