Тәртіп сақшылары Жамбыл облысының тұрғынынан 142 килограмм марихуана тәркіледі



Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері еркекті Байзақ ауданы Суханбай ауылының шетінде "Мак-2005" шұғыл шарасының барысында ұстады.
Күдікті уақытша тергеу абақтысына қамалды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тексерілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті