Тәртіп сақшыларының жорамалы бойынша бүгін Алматыда болған жарылыс лаңкестік әрекет емес

Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай, 16 сағат 10 минутта Желтоқсан көшесі 96 үйге кіре беріс есікке таяу жерде белгісіз бір еркектің қолындағы жасанды жарылғыш зат жарылып, әлгі адам мерт болды.

Жарылыс орнына келген жедел-тергеу топтары ТТ маркалы тапанша, киімнің бөлшектері мен ақшалар тауып алды. Алдын-ала мәлімет бойынша, қаза тапқан адам 30-35 жастар шамасындағы Қазақстан азаматы.
М.Қожаевтың айтуынша, "жарылыс қуаты туралы айту әзірге ерте". Жарылысқа қатысты толық мәліметті тергеушілер тобы анықтайды.