Тас және қола дәуірлеріне жататын ежелгі қоныстар мен жәдігерлер табылды

Павлодар облысындағы Бесқарағай археологиялық кешенінде тас және қола дәуіріне жататын ежелгі қоныстар табылды. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Павлодар педагогикалық институтының баспасөз қызметінен хабарлады.


           Бұл жәдігерлер «Сарыарқаның археологиялық мұрасы» атты қазақ-орыс жобасы шеңберінде атқарылған жұмыстар кезінде табылған.
           «Қазылған ежелгі қоныстардан қыш ыдыстар, бытыра, жебе, түймелер, ілгектер мен қола қанжарлардың қалдықтары табылды», - делінген хабарламада.