Тасбауыр әйел іштен шыққан сәбиін ауласына көміп тастаған


20 жастағы келіншек айы күні жеткен сәбиді түннің бір мезгілінде дәретханада босанған. Одан кейін ұл баланы қапшыққа салып, бақшада көміп тастапты. Тасбауыр әйел қансырап ауруханаға түспегенде, бұл жағдай жабулы күйінде қалар еді. Дәрігерлер оның «ауруы» неден болғанын түсініп, полицияға хабар берген. Енді шақалақ өлі туды ма, әлде безбүйрек анасы өлтірді ме, оны сараптама анықтайтын болады.