Ташкент қаласының баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, Өзбекстан астанасында Ислам Каримовтің есімі көрсетілген тақталар пайда болады. Қала депутаттарының шешімімен бұрынғы Өзбекстан көшесіне Ислам Каримовтің есімі беріледі. Құжат Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің қаулысы аясында қабылданған.
Айта кетейік, Ислам Каримовтің есімі берілген көше - қаладағы ең ұзын көшелердің бірі. Ол бес ауданды қамтиды екен - Мирабад, Юнусабад, Яккасарай, Шайхантохур және Чиланзар аудандары.
Еске салайық, 2016 жылдың 2 қыркүйегінде Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің қайтыс болғаны хабарланған болатын. Ол 78 жасында қайтыс болған еді.