Ташкентте Орталық Азия + Жапония атты диалог шеңберінде аға лауазымды тұлғалардың 4-ші отырысы өтеді

Е.Ашықбаевтың айтуынша, ақпараттық - телекоммуникациялық технологиялар мен көлік, құрылыс, энергетика және минералдық ресурстар салаларындағы ынтымақтастық диалогтың негізгі бағыты болып табылады.

"Алдағы келе жатқан отырыс күн тәртібінің бас мәселесі үстіміздегі жылы жазда Ташкент қаласында аталған диалог шеңберінде өтетін сыртқы істер министрлері кеңесінің 3-ші кездесуінің хаттамасын талқылау болып табылады",- деді ресми өкіл.