Аталмыш байқау Өзбекстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына, Республикалық интернационалдық мәдени орталық пен Республикалық қазақ мәдени орталығының, сондай-ақ «Нұрлы жол» қазақ тілді газетінің 20 жылдық мерейтойына орайластырылды.
Ақындар сайысына Қазақстаннан 14 айтыскер, Өзбекстаннан үш ақын мен Моңғолиялық бір ақын қатысты.
Бір күн бойына ақындар өз шеберліктерін шыңдады. Байқау финалына қазақстандық ақындар Айнұр Тұрсынбаева мен Кәрима Оралова өтті. Қазылар алқасының бағалауы бойынша байқаудың бас жүлдесі - Өзбекстанда шығарылатын «Шевроле Спарк» автокөлігі Астанадан барған Айнұр Тұрсынбаеваға тиіп, бірінші орынды К.Оралова мен өзбекстандық ақын Құлмахан Дүйсенов бөлісті.