Ташкентте қымбат көліктердің соңына түсті

Рейдтер нәтижесінде 10 қазанда Ташкент жолдарында ондаған автокөлік ұсталған. Олардың барлығы айыппұл тұрағына қаңтарылған. Жүргізушілер авткөліктерін ала алмай жүр.

Жол-күзет қызметінің бір офицері негізінен қымбат көліктер ұсталып жатқанын айтты:

"Соңғы уақытта Ташкентте байлар көбейді, олар МАИ қызметкерлеріне менсінбей қарайды. Сол себепті біз оларды ұстап, жөнге келтіріп жатырмыз", - деді ол.

Айыппұл төлегендердің арасында үкімет шенеуніктері де бар. Ташкенттік жүргізушілер болмашы себептерге бола айыппұл салатынына шағымданды.