Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымы аймақтық антитеррорлық құрылымы кеңесінің отырысы ашылды

Кеңестің жұмыс бағдарламасына аймақтық антитеррорлық құрылымының жұмыс құжаттарының жобасын қарау, лаңкестік және экстремизммен күрес бойынша ортақ ұстанымды айқындау, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекет басшыларының 2005-жылғы шілде айында Астанада өтетін саммитінде қаралуы тиіс құжаттар топтамасын әзірлеу енгізілген. Сондай-ақ аймақтағы жалпы ахуал мен ұйымға мүше-елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатерлер туралы талқыланады. Кеңеске ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Владимир Божко төрағалық жасайды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан кіреді.