Ташкенттегі бокстан ӘЧ: үшінші жарыс күнінің кестесі

Өзбекстан астанасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатындағы үшінші жарыс күнінің кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгін, 3 мамыр рингке бір ғана қазақстандық боксшы шығады - Талғат Сырымбетов. Ол 60 келі салмақтағы 1/16 финал жекпе-жегін өткізеді.

Бұл айқаста Талғатттың қарсыласы Азия чемпионы, иорданиялық Мохамед Абу-Джаджех болады. Жекпе-жек 15:00-де басталатын күндізгі сессияда өтеді. Қарсыластар Б рингінде төртінші жұпта айқасады.