Ташкенттіктер Қазақстандағы скиф қорғандарының қазбаларымен танысты

Іс-шараны Өзбекстандағы Герман Федеративті Республикасының елшілігі «Өзбекстандағы Германия апталығы-2010» аясында ұйымдастырып отыр.

Герман археологиялық институтының директоры Николаус Бороффканың айтуынша, Орталық Азия аймағындағы археологиялық зерттеулер 14 жыл бойы жүргізілген.

Көрмедегі плакаттар мен каталогтарда скиф заманында шіркеу болған Солтүстік Қазақстан облысындағы Байқара қорғанының қазбалары көрініс тапқан.

Сонымен қатар келушілер Алматы облысындағы Асы Заға, Кеген және Жуан Төбе қорғандары туралы да ақпарат ала алды.