«Таскескен-Бақты» тас жолындағы жол апатынан 4 адам көз жұмды

Салдарынан 24 жолаушы аяқ-қолдарын сындырып, ауруханада жатыр. Алтауының жағдайы ауыр. Ал қаза тапқандардың арасында 6 жасар бала да бар. Оқиға таңсәріде «Тастескен-Бақты» тас жолында болды. Алматыдан Үржар ауданына қарай бағыт алған автобус жүргізушісі көктайғақта тізгінге ие бола алмай аударылған. Автобустың сау-тамтығы жоқ. Қазір қаза тапқан жолаушылардың аты-жөндері анықталуда.

Loading...