Тасмағамбетов елордада тұрақты тұратын халық санын шектеуді ұсынды

«Мен осы норманың енгізілуін қолдаймын және бұл біздің тарапымыздан жасалған бастама. Сіздер мені дұрыс түсініңіздер, мәселе Астана тұрғындарының санын шектеуде ғана емес. Мәселе басқада, бізге өзге аймақтардан келушілер саны көп, ал, Павлодар сынды өнеркәсіп орталықтарынан еңбекке қабілетті халық көшіп кетіп жатыр. Сонда ол өңірдің экономикасы қалай дамымақ? Бұл өте маңызды мәселе», - деді И.Тасмағамбетов жұмадағы брифингте.

«Жыл сайын елорда халқының саны 50-75 мың адамға өсіп отыр. Сонда тек сырттан келетіндер үшін 1 200 орындық 4-5 мектеп салу қажет болмақ. Оған ешбір қаражат жетпейді», - деді қала басшысы.

«Конституцияда адамдардың жүріп-тұру еркіндігіне кепілдік берілген. Бірақ «тұрақты тұратын халық санын шектеу» туралы норма енгізілсе азаматтардың бұл құқығына нұқсан келмейді. Кез-келген адам Астанаға немесе басқа қалаға барып, жұмыс тауып, орналаса алады. Бірақ, келген бойда мемлекеттік қордан пәтер немесе бала-бақшадан орын сұрап, өтініш бере алмайды», - дейді И.Тасмағамбетов.

Ол бұл норманың көптеген адамдардың «Астанаға барғанда өзімді, отбасымды қамтамасыз ете алам бар» деп ойлануына түрткі боларына сенімді.


«Меніңше, бұл Астана үшін ғана емес, өзге аймақтар үшін де пайдалы болар еді. Бұл норма өз-өзінен барлық проблеманы шешіп бере алмайды. Адамдардың жылы орнын суытып, көшуіне түрткі болған әлеуметтік проблемаларды шешу қажет», - дейді әкім.