Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Уақыт көрстеді" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Дінтанушы бағдарлама барысында Иманғали Тасмағамбетов пен Исматулланың арасын не байланыстырғанын айтып берді.
"Исматулла намаз оқымасаң болады. Зікір салсаң болады деген видеолары тарап кетті. Иманғали Тасмағамбетов қаланың әкімі болатын. Сөйтіп, Тасмағамбетовті тарта бастады. Ол Исматуллаға сеніп кетті. Оған коттедж үйін берді. Мә, ақша деп ақшасын берді. Бұлар Ғалым Боқаш бәрі бірге, дейді сұхбатында.
Еске салсақ, 2011 жылы өздерін Яссауия сопылық тариқатын ұстанушылар деп санайтын топтың бірнеше өкілі ұсталып, "сопылық ағымның жетекшілері" - діни тұлға Исматулла Мақсұм 14 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.