Тасмағамбетовтің қызы Ақтөбеде жетім балаларға тұрғын үй салып берді

«Мейірім» орталығында 16-29 жас аралығындағы балалар үйінің түлектері тұратын болады. Қазіргі уақытта онда 88 тәрбиеленуші қабылданған. Мамандар тәрбиеленушілер саны 110-ға жететін айтты. Жастар орталығының 5 корпусы бар.  Жастардың жатын орны, спорт алаңы, шеберханалар бар.

«Орталық туралы ауызымызды толтырып айтуға болады. Қазақстанда осындай әлеуметтік балалар үйі бірінші рет Ақтөбеден ашылып жатыр. Бұл жерде барлық жағдай жасалған. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар өз үйінде тұрғандай сезіну керек. Орталық ішінен бірнеше цех ашылды. Балалар жұмыс жасап үйреніп, өздерін дамытса дейміз. Қазіргі заманда жастар масыл болмау керек. Осы балаларды қуантып жатқан сіздерге алғыс айтамын. Рамазан айында жасаған істің сауапбы үлкен», — деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Бүгінгі күні Ақтөбеде  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1130 бала бар.  Олардың 860-ы қорғаншылық және қамқоршылықта. 80 бала патронаттық тәрбиеде, 190 бала жетім. Осы санаттағы үш мыңнан аса адам тұрғын үй кезегінде тұр.


«Мейірім» орталығының тәрбиеленушілерімен кездескен Әсел Тасмағамбетова Ақтөбе қаласында әлі де бірнеше жоба жасайтынын атап кетті.

«Сәби» қайырымдылық қорының ұсынысымен салынған «Мейірім» жастар орталығының ашылуымен баршаңызды құттықтаймын. Ел болашағы жастардың қолында. Сол себепті бұл жобаның маңызы зор. Орталықта тек баспана беріліп қана қоймайды. Олардың осы жерден мамандық алуына да жағдай жасалған. Осы бастамамыз әрі қарай дамитынына сенемін. Мұндай орталық Қазақстанда бірінші рет салынды.  Бұл Ақтөбедегі біздің алғашқы жобамыз емес. Мүгедектерге көлік пен бірнеше балалар алаңының құрылысын салып бердік. Бүгінгі шараның біздің қайырымдылық  қорымыздың 15 жылдығымен тұспа-тұс келгеніне қуанамыз», — деді Әсел Тасмағамбетова.