Оқырмандармен жүздесуде Ақ Жайықтың ақ шағаласы атанған ақын Тәуелсіздік, ана тілінің қадірі, ел-жұрт, ата салт, тәрбие төңірегінде өз ойларын айтып, әсіресе, жастардың өз Отанын сүюі қажеттігіне тоқталды.
Кездесуде ақын өлеңдері оқылып, А.Бақтыгерееваның сөздеріне жазылған әндер шырқалды.
Аудан әкімі Өтеміс Мырзағалиев ақынға ризашылығын білдіріп, сый-сияпат көрсетті.