Тасқын судан зардап шеккендерге жәрдем көрсететін жылжымалы медициналық кешендер аудандарға аттанды

Аталған кешендер заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Құрамында терапевт, кардиолог, окулист секілді тәжірибелі мамандары бар кешен диагностикалық көмек те көрсетеді.

Қайырымдылық көмегі үшін «ҚР тұңғыш Президенті қорының» атқарушы директоры Бектас Мұхамеджанов пен «Асар-Береке» қоғамдық қорының директоры Лаура Ахметова облыс әкімінің алғысхатымен марапатталды.

Жолға шыққан кешендер Тасқала, Зеленов және басқа аудандарды аралап, халыққа медициналық қызмет көрсетпек.