Тасқыннан сескенген Орал жұрты баспаналарын тастап кетіп жатыр

Бұл саяжайлы аумақ тура Жайықтың жағасында тұр. Су көтерілсе алдымен осы жерді шаяды. Үш жыл бұрынғы тасқында да осындағы жұрт жапа шеккен. Биыл жағдай тағы қайталанғалы отыр. Тұрғындардың алды баспаналарын тастап кете де бастаған. Дегенмен көпшілігіне жандарын шүберекке түйіп, тасқынның болмауын тілеуден басқа амал жоқ. Өйткені төтенше жағдай бола қалса саяжайшыларға ешқандай қаржылай көмек қарастырылмаған.


Ғалым Орынғалиев, Орал қаласы әкімінің міндетін атқарушы:

- Су басып жатқан үй иелерінен жағдайға үлкен жауапкершілікпен қарауды сұраймыз. Өйткені,  қазір әрқайсысыңызды көшіріп, 2011 жылғыдай  баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіншілік жоқ .