Тастандылардың анасы табылды

22 жастағы Ақмаралдың айтуынша, бүлдіршіндерін тастамаған. Шұғыл жұмысқа баруы керек болып, балаларын енесіне тапсырып кетіпті. Ал, енесі бөбектерді тауып алған әйел Фарида Сариева. Екеуі бұрыннан қырғиқабақ екен. Осылайша "кек қайтармақ болды",- дейді келіншек. Тіпті, бұған дейін Ақмаралды "тәнін саудалайды" деген ақпарат та тараған болатын. Енді анасы балаларын қайтарып алып, өзін елге қарабет қылған енесін сотқа бермек.


Ақмарал Жарылқасынова:

- Мен жұмысқа бара жатырмын деп айтқан едім. Қараймын деген өзі.  Балаларды  қолына тапсырып кеттім мен. Одан кейін 5 күн жұмыста болып, кеше көрген едім. Мұндай сұмдықтың боларын білмеген едім.