"Тастап кетті": Төреғалидің қарындасы өзін тастап кеткен сүйіктісінен өш алғысы келген

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Дина Төреәлінің инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Осылайша 3 ай қыз бен жігіт болып жүрдік. 3 айдың ішінде мені 1 рет тастап үлгерді. Қалған 1 ай Америкада өтті. Осылай отбасы құруға қадам жасады", - деген Дина Төреәлі ағынан жарылып, оқиғасын баяндап берді.

Айтуынша, Дина Төреәліде Америкада қалу немесе елге оралып тұрмыс құру деген екі таңдау тұрыпты. Және бастапқыда Америкада қалуды таңдағанын айтады. 

"Ерекеңмен сөйлесіп, мен "маған сезімім жоқ" деп айтқан адамға қайта алмаймын. Солай шештім дедім", - деп жазған. 

"Жақсы көрмегендіктен, сезім жоқтықтан емес бұлай жасағаным. Офисқа келіп, мені тастап кеткен кезде менің психикам шамалы сол нәрсені көтермей қалған. Сол кезде айтқан сөздері миымда айналып тұр. Реніш қалып кеткен. Және ең қорқыныштысы өшімді аламын деп ойлағаным", - деген Дина Төреәлі.


Кейіннен күйеуі Ернар Мұсабайдың болған жайды ұмытайық деп жазған хаты мен гүлін салып, қалай сөз салуға қадам жасағанын жазған.