Тастақ маңындағы күмәнді сөмке алматылықтарды қорқытты


Тұрғындар әлеуметтік желілерде полицейлердің үйді қоршауға алғандарын хабарлады. Оқиға орнына жедел қызметтегілер барған. Алайда кейінірек ол сөмкені біреудің үйдің алдына қалдырып кеткені және онда ешқандай қауіпті заттың жоқ болғаны белгілі болды. "Ол жақтан бір күмәнді зат табылды. Бірақ тексерістерден кейін бұл мәлімет расталмады", - деді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.