Тастар да сөйлейді...


Көрмеде минералдар әлемінен сыр шертетін әртүрлі тастың үлгілері қойылған. Кварц, тау сутасы, кальцит, малахит, опал, турмалин, берилл, зүбәржәт, бағалы тау хрустальдары сияқты кен қалыптастыратын бұлардың барлығы дерлік Алтай мен Тарбағатай тауларынан әкелініпті. Әсіресе Сахара шөлінен әкелінген гипсты райхан, Сихоте-Алин метеориті мен салмағы бір келіден асатын мына жұдырықтай Тұңғыс метеоритінің  сынықтары экспозицияға ерекше өң беріп тұр.