“Тасты 5 минут құшақтасаңыз дертіңізден құлан таза айығасыз”: Қара таспен емдейтін емші пайда болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

"Астарлы ақиқат"  бағдарламасына Гүлсара Исаева есімді таспен емдейтін емші келді. "Тасты құшақтасаңыз болғаны бойыңызда қандай ауру болса сол аурудан жазыласыз"- дейді. 

Қара таспен емделіп жүргендер де бар екен " Ұстаған кезде бойымда ток жүрді, ауырған жерім қойған сияқты болды"-дейді бағдарламаға келген қонақтардың бірі.


Алайда оған сенбейтіндер де жетерлік, "қара тас адамды қалай емдейді? Осындай алаяқтарға қаншама халық алданып жатыр. Бұларды құрту керек- - дейді қоғам белсенділері. 

Дегенмен тастың қасиетін жоққа шығара алмайсыз деген пікірлер де шығып жатыр.

Тастан да терапияның болуы мүмкін бе? Сіз қалай ойлайсыз?