Тасымалдау кезінде екі тоннадай мұнай жолға ағып кетті

"Амрита" ЖШС-іне қарасты "КамАЗ" автокөлігі Батыс Қазақстан облысындағы Орал - Кирсанов тас жолымен келе жатқан. "Оралдан 58 шақырым жерде жол үстінде екі тоннадай мұнай сызаттан ағып кеткен", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайдың зардаптарын "Амрита" ЖШС-нің екі тобы мен 4 техникасы жойды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті