"Бүгінгі таңда жолаушылардың билетсіз жүргені және оларды билетсіз тасымалдағаны үшін айыппұл қарастырылған. "Билетсіз жүргені үшін" деген сөзді алып тастап, тек жолаушыларды билетсіз тасымалдағаны үшін ғана айыппұл салу керек", - деді Н. Есенғарин.
"Жолсеріктің көмегінсіз билетсіз жолаушы вагонға қалай кіре алады? Сондықтан заңнан "билетсіз жолаушы" деген түсінікті түгел алып тастау қажет", - деп түсіндірді ол. "Мен билетсіз алып жүргені үшін жолсерікке ғана айыппұл салынғанына қол жеткіземін. Алайда, билетсіз жүргені үшін жолаушыға айыппұл салынбауы тиіс. Себебі, жолсеріксіз ол вагонға кіре алмайды", - деп толықтырды қауымдастық президенті.