Тасжолдарға "Крис-П" қайтарылды: алғашқы нәтижелер жарияланды

Жүйені пайдаланудың алғашқы нәтижелері айтылды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Тәртіп сақшылары мәліметінше, Жетісу облысында жыл басынан бері 443 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 116 адам қаза тауып, тағы 716 адам жарақат алған. Жол апаттарының негізгі себептерінің бірі жылдамдықты шамадан тыс арттыру екені атап өтілді.

"Осыған байланысты, облыс жолдарында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысына қатысушылардың өлімі мен жарақатын азайту мақсатында "Крис-П" фоторадар жылжымалы кешенін пайдалана бастады.

Халық арасында "үш аяқты" деген лақап атқа ие құрылғы ЖҚЕ бұзғандарды фото және бейнетіркеумен автокөлік құралдарының жылдамдық режимін автоматты бақылау үшін қолданылады", - деді Жетісу облыстық Полиция департаменті өкілдері.

Облыс полицейлерінде барлығы сегіз "Крис-П" кешені бар. Ведомство мәліметінше, "Крис-П" жүйелерін пайдалану облыстың автожолдарындағы апат деңгейін төмендетуге көмектескен.

"Талдау 26 қазан мен 31 қазан аралығында патрульдік полиция қызметкерлері "Крис-П" қолданған республикалық маңызы бар жолдарда жылдамдықты арттыру салдарынан бірде-бір ЖКО тіркелмеген.


Сонымен қатар, кейінгі екі айда (көрсетілген апталық кезеңді есептемегенде) республикалық маңызы бар жолдарда 42 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 20 адам қаза тауып, 73 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Айта кету керек, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жылдамдықты шектен тыс асыру салдарынан", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Loading...