Аталған видеоны желіге Жолымбет Мәкіш жүктеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Оқиға Татарстанда болған сияқты. Журналист жарыстың қалай өткені жайлы орысша сұрайды. Бірақ шабандоз Ильмир оған татар тілінде жауап береді. Дегенмен тілші екінші мәрте "осыны енді орысша айтып беріңізші" дейді. Ал татар шабандозы болса, мысқылмен "Істі татаршаға көшірсін бірінші, мен орысша сөйлемеймін",- деп жауап берді.
Аталған видеоны көргендер: "Татарлар да ояна бастапты", "Тілді ойлайтын жандар оларда да әлі бар екен ғой", "Нағыз ерекек", "Ресей құрамында отырса да мықты" деген сияқты пікірлер қалдырды.
Еске салсақ, қазір Ресей құрамында қалған Татарстанда тілі мәселесі қатты ушығып тұр. Татарлардың көп бөлігі өз ана тілдерін білмейді. Бұған қоса мектептерде татар тілін оқыту мәселесі бойынша үлкен дау туған болатын. Татарстандағы жергілікті өзге ұлт өкілдері татар тілін мектепте оқытуға қарсы шыққаны есімізде.