Татарстан президенті Рустам Минниханов әлеуметтік желіге Димашпен кездескен суретін жариялады

Димаш Құдайберген Татарстан астанасында өткен «WorldSkills Kazan 2019» шарасына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Татар-информ агенттігіне сілтеме жасап.

 «Ассалаумағалейкум, Қазан! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын!», - деп әнші қазақ тілінде көрермендермен амандасты. Чемпионат қонақтары мен қатысушылары үшін Димаш Игорь Крутой мен Лара Д´Элиа жазған «Where love loves» әнін орындады. Әнмен бірге VR-суретші Айми Секигучи сахна экранына Қазан қаласының суретін салды. Сонымен бірге, Димаш «WorldSkills Kazan 2019» сахнасында «Мадемуазель Хайд», «Қалжыраған аққулар әні», «Олимпико» әндерін шырқады.

Татарстан президенті Рустам Минниханов i
nstagram
желісінде Димашпен кездескен суретін жариялады. Еске сала кетсек, бұған дейін Димаш Құдайберген Қазан қаласындағы хосписке арнайы барып, кішкентай жанкүйерімен кездескен еді.