Бұл туралы Қазан қаласы мэрінің ресми сайтында хабарланды.
Салтанатты рәсімге Татарстан Президенті Рустам Минниханов, ТР Мемлекеттік кеңесшісі Мінтемір Шаймиев, республиканың Премьер-министрі Ильдар Халиков, Қазанның мэрі Ильсур Метшин, Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлы, сондай-ақ Ресей мұсылман дінбасыларының көшбасшылары қатысты.
Ақ мешіт кешені мұражай-қорықтың оңтүстік қақпасының жанында, Болгарға кіреберіс жолда орналасқан. Мүфтидің резиденциясы, медресе мен ғибадатханадан тұратын мешіт кешені 88 бағанасы бар аркадамен жиектелген. Оның ортасында фонтан орналасқан. Алдағы уақытта мешіттің айналасына жеміс-жидектер бақшасын, гүл бағын және көлді орналастыру көзделіп отыр.
Мешіттің екі мұнарасының биіктігі 46,5 метрді құрайды, басты күмбездің диаметрі - 10 метр, күмбездің мешіт ішіндегі биіктігі 17 метр. Мешіттің қабырғалары дәстүрлі декоративті нақыштармен жасалған.
Мешіттің құрылысы инвесторлардың есебінен жүргізілді - «Металлоинвест» холдингі, «Украинаны дамыту» қайырымдылық қоры, «Татмұнай» ААҚ және Ислам ынтымақтастығы ұйымымен.
Ақ мешіт кешенінің ашылуында сөз сөйлеген Татарстан Президенті Рустам Минниханов: «Баршамыз Болгардағы бұл қасиетті нысанның куәсі болып отырмыз. Біз бүгін мешітті ашудамыз. Мұндағы істердің барлығы мейірімділік, достық пен келісім мақсатында жасалып жатқанына сенімдімін», - деп атап өтті.
Салтанатты сөз сөйлеулерден кейін құрметті меймандар мешіттің ішін аралап көрді. Рустам Минниханов, Мінтемір Шаймиев және мұсылман дінбасыларының көшбасшылары жаңа ғибадатханада алғашқы дұғаны жасады, деп хабарлады Татарстан Президентінің баспасөз қызметінен.