«Қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, сіздерді қаза болғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ деп сендіре аламын», - деп дүйсенбідегі брифингте президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбиболлаев мәлім етті.
«Әртүрлі дерек көздерінде аты аталған Теміртау қаласында туған ер адам Ресей Федерациясының азаматы болып табылады», - деп атап өтті ол.
Жексенбі күні кешқұрым болған жол апатында 44 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі мерт болды.