"Тәтті үш баламыз бар": Динара Қырықбаева күйеуімен ажырасып кеткенін хабарлады

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Айтатын уақыт жетті. Директке күн сайын күйеуім туралы толассыз сұрақтар келіп жатады. Сөзімді өзгелер басқаша алып кетпес үшін өзім пост жазуға бел будым. Біз 5 жыл өмір сүрдік, біздің 3 тәтті балапанымыз бар. Ара-қатынасымыз жақсы, балаларымыз үшін ата-ана болып қала береміз. Балалардың да, менің де жағдайымыз жақсы, уайымдамаңыздар. Мені жақсы білетіндер біледі, мен хайпты ұнатпаймын, қалай бар солай жазып отырмын. Осыған байланысты енді ешқандай пікір білдірмеймін", - деп жазды Динара Қырықбаева.