Тәттімбеттің 200 жылдығы Түркияда аталып өтеді

Қали Байжанов атындағы концерт бірлестігі Тәттімбет атындағы академиялық ұлт аспаптар оркестрінің және Әзербайжанның, Қырғыз Республикасының, Түркияның белгілі өнерпаздарының қатысуымен «Қазақстан мен Түркия достығы» атты концерттер береді.  Оркестрдің көркемдік  жетекшісі және бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Үкібай. Екі бауырлас ел арасындағы қарым-қатынастардың нығая түсуіне  үлес қосатын айтулы мерекелі шараға Түркияның Ұлы Мәжіліс депутаттары, қала губернаторлары мен мэрлері, дипломатиялық мекемелердің өкілдері, түрік зиялылары мен өнерсүйер қауым қатысады.

Шара ұйымдастырушылары - Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы, Қазақстанның Түркиядағы елшілігі және Қарағанды облысының әкімдігі.