Тау шаңғысы спортынан суперкомбинация жарысында жерлесіміз И. Закурдаев топ бастап келеді


Игорь Закурдаев ұшына жалаулар байланған жерге қадалған шыбықтардың арасына өтіп, таудан төмен құлдилау кезінде қашықтықты 1 минут 3,52 секундта бағындырды. Отандасымыздан 0,88 секундқа қалып қойған оңтүстіккореялық спортшы Юн Донхюн (Jung Donghyun) екінші орнында келеді. Үшінші орында тағы бір оңтүстіккореялық Ким Вусан (Kim Woosung) тұр. Ол жарыстың лидерінен 1,61 секундқа қалып қойды.