Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың хабарлауынша, бір топ жоғары сынып оқушылары Бүргелік шатқалында демалып жүрген. №66 орта мектептің оқушысы А.Меңлібаев 6 метрлік тау үңгіріне құлап кетіп, шыға алмай қалған.
Оқыс оқиға туралы ақпарат Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына 29-мамыр күні 00 сағат 30 минутта келіп түскен. Жасөспірім бүгін, 30-мамырда табылды.
Құтқарушылар баланы тау үңгірінен шығарып алып, таудан түсуге көмектесті. Жасөспірімге дәрігерлік көмек қажет болмай шықты.