Тәуекел Мүсілім үйленгенін мойындады

Бұл туралы ол instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Аллаға шүкір, Махаббатым жүрегімде. Кеше ағайын-туысқа беташар болды. Апамның алдынан өтіп, үлкендердің батасын алдық. Той буйырса келесі жылы болады. Жақындарым, ешкім қалып қойған жоқ уайымдамаңыздар. Құттықтауларыңыз бен жақсы тілектеріңізге рахмет", - деп жазды Тәуекел Мүсілім.

Тәуекел Мүсілім таңдаған қыздың есімі Махаббат. Қарағанды аруының мамандығы - дәрігер, 2017 жылы Қарағандының бірінші вице-мисс аруы болған.