"Тәуелсіз дәуірі" атты қазақстан тарихынан республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды

Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен 14-18 жас аралығындағы колледж студенттері қатысты. 

Басты мақсат 1991-2019 жылдар аралығында тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңін зерттеуге оқушылардың қызығушылығын арттыру, сонымен қатар, көшбасшылық қасиеттер мен сыни ойлау, қарым-қатынас пен ынтымақтастық дағдысын дамыту. Олимпиада мақсатына жетті, іріктеу кезеңіне 1000-ға жуық адам қатысты.

Үздік нәтиже көрсеткен 20 адам бүгін финалда бақ сынады. Бас жүлдені Қуаныштаев Нұрәли, 1-орынды Өмірзақ Бахтияр, 2-орынды Жолдыбек Ертай, 3-орынды Жеңіс Ілияс иеленді. 

Жеңімпаздар электронды кітап, планшет және т.б. бағалы сыйлықтармен марапатталды, ал бірінші орын иегеріне ноутбук берілді.