Бұл туралы Massaget.kz порталы хабарлайды.
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Асқар Мәминнің кандидатурасын ұсынды. Парламент Мәжілісі депутаттары үкіметтің жаңа басшысы қызметіне бұл кандидатураны мақұлдады. Мемлекет басшысы Асқар Маминді ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда дүниеге келген. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын және Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған. "Қазақстан Темір Жолы" АҚ басқарды, Астана әкімі және көлік және коммуникация министрі қызметтерін атқарды. Бірінші вице-премьер лауазымында 2016 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеді. Үкімет тараған уақытта премьер-министрдің міндетін атқарды.