Тәуелсіздік күні ҚазҰУ-да Әл-Фараби алаңы ашылды

Алаңның тұсаукесер рәсіміне университет студенттері, қызметкерлері мен оқытушылары қатысты. Басты сөзді алған ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов бұл шара жаңа оқу жылының басында ҚазҰУ-дың кампусында ашылған студенттер мен түлектердің триумфалды аркасының жалғасы болып табылатындығын атап өтті. Сәулеттік архитектуралық идея бойынша қаланыӊ айшықты белгісіне айналған Триумфалды қақпасынан кейінгі тура жол Әл-Фараби алаңына әкеледі. Төрт жақтан жарқыраған алаң ғылым мен білімге құштар жастардың символын білдіреді.

ҚазҰУ басшылығы мен ұжымы барша қауымды Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен және Әл-Фараби алаңының ашылуымен құттықтап, алда үлкен жетістіктер мен табыстарға жетулеріне ізгі тілектерін білідірді. Ауқымды шара кеші ҚазҰУ-дың көркемөнерпаздары дайындаған концертімен аяқталды.