Ақтөбедегі ең биік шырша тура облыс әкімдігінің алдына орнатылған. Кішілеулері орталық саябақтарға қойылыпты. Жалпы жергілікті билік алда қала бойынша жүз шыршаны безендіруді жоспарлап отыр.Ал «Нұр Отанның» үндеуінен мұндағы шенеуініктер құлағдар болғанымен, оны құп көрмеген. Айтуларынша, Тәулесіздік күнінен соң дайындыққа кіріссе, жаңа жылды қарсы алуға үлгермей қалады екен.
Жандос Байырханов, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары
-Бір күнде безендіруді жасап тастау мүмкін емес. Қала аумағы үлкен. Жаңағы өздеріңіз көріп жатырсыздар ғой, шыршаның конструкциясын қойып жатқан. Оны бір күн емес,10-15 күнде қоятын нәрсе. Үндеу дұрыс шығар. Мен оны дұрыс не бұрыс деп айта алмаймын.
Әзірге Ақтөбе мен Өскеменнен басқа аймақтар жаңа жылға дайындықты бастай қойған жоқ. Әйтсе де, кететін шығындарын есептеп қойған. Былтыр жаңа жылдық мерекеге әзірлік үшін екі жүз миллион теңге бөлген қарағандылық шенеуніктер мықты сыналған еді. Биыл енді тәубеге келіп, қазынадан бір тиын да шығармауға бекініпті.
Юлия Плушникова, Қарағанды қаласының бас суретшісі
-Биыл ешқандай ақша бөлінбейді. Қаланы безендіруге өткен жылдары сатып алынған заттарды пайдаланамыз.
Ал Ақтөбе әкімдігі жаңа жылдық мерекеге әзірлік үшін 27 миллион теңге бөлсе, көршілес Ақтаудағы әріптестері 49 миллион қарастырыпты. Былтыр шырша үшін алпыс миллион теңге жұмсаған павлодарлық шенеуніктер де биыл шығынды 40 миллионға азайтқан. Ал билік партиясының үндеуін әзірге тек оңтүстіктегі үш облыс құптап отырғанын айта кетейік.
Loading...