Тәуелсіздік күнінің соңы тәртіпсіздікке ұласты


Бейбіт шеруден бір топ адам бөлініп шығып, Ұлттық стадион маңында қоғамдық тәртіпті қадағалап тұрған полицейлермен қақтығысып қалыпты. Беттерін тұмшалап алғандар тәртіп сақшыларына петарда, тас пен жанғыш сұйықтық құйылған бөтелкелер лақтырған. Бұзақылардың әрекетіне бірден жауап табылып, полицейлер суатқыш машиналар мен көз жасауратқыш газ қолданып, ерекше белсенділерге қарсы резеңке оқ жаудырды. Салдарынан екі жақтан да зардап шеккен жандар көп. Радикалдар бұдан соң аялдамалар мен көшедегі дүниенің барлығын қиратқан. Полицияның мәліметі бойынша бейбіт шеруге шамамен 30 мың адам қатысқан, алайда ұйымдастырушылар олардың саны бұдан үш есе көп деп отыр. Былтырғы шеру кезінде Ресей елшілігіне шабуыл жасалған болатын.