Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктеріміздің бәрі халықтың ынтымағы мен бірлігінің арқасында жүзеге асты-Н. Назарбаев

"Біз бірліктің, елдің ішкі-сыртқы тыныштығының арқасында тәуелсіздіктің 20 жылдығына үлкен жетістермен аяқ басып отырмыз. Дегенмен, алдымыздағы мақсат-міндеттерміз әлі аз емес. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс біткен жоқ. Алдымызда тұрған ендігі басты мақсат - индустрияландыру бағдарламасы. Бюджетке түсетін ақшаның көбі жер байлығынан түседі. Оның бәрі бір кезде бітетін нәрсе. Қазірден бастап оны пайдаланып, 2-ші экономиканы құруымыз керек", - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2010 жылы 152 мекеме іске қосылды. Биыл олардың қатарына тағы 200 мекеме қосылып, 200 мың адам сол жерде жұмыс тауып отыр. Алдағы 3 жылда ел экономикасы 2 есе, ал 2020 жылға қарай 3 есе ұлғаймақ. Осыған қарай халықтың әл-аухаты да дәл осындай көлемде жоғарылайтын болады. Мемлекет жалақы мен зейнетақыны өсіруге және ауыл шаруашылығына дамытуға бөлінетін қаржының бәрін жаңадан құрылып жатқан экономиканың табысынан алып отыр.