"Тәуіп тірі деді": Таразда жоғалған өрт сөндірушінің туыстары дала кезіп жүр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әскерилер іздестіру жұмыстарының үздіксіз жүріп жатқанына сендірді. Ал өз өмірін құрбандыққа тіккен батырдың туыстары алдымен, егіс алқабын қарап, сосын Тараз қалалық №1 ауруханасына бармақ. Себебі олар апат кезінде ауруханаға алғаш түскен науқастардың бірінің белгісіз суретін Бауыржанға ұқсатыпты.

"Бір сурет жартылай түскен, соны қарап күдіктеніп отырмыз, біздің ініміз шығар деп. Барып камераны түгел аштырсақ па дегенбіз. Баукаға ұқсатып отырмыз, суретті салыстырып. Қазір тәуіптің айтқанымен Базарбайдың егіс алқабын қарап жүрміз", - деді Бауыржанның әпкесі Фарида Дәуітбаева.