Ал Алматыда биылғы жаз мезгілінің соңғы екі айы жаңбырсыз әрі ыстық болуда. Осы себептен, Алматы қ. жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасының бастамасымен, жастар ұйымдарының өкілдері қала маңындағы тау бөктерлерін аралады.
«Бізде өкінішке қарай, кейбір демалушылар өрт қауіпсіздігі мәселесіне өте немқұрайдылықпен қарайды. Отырған орындарына қоқыстар қалдырып кетеді. Және, ең бастысы, жаққан алауларын, темекі тұқылдарын дұрыстап сөндірмейді. Ал мұның соңы өртке әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан жастар ұйымдары Алматы маңындағы тау бөктерлерін аралап, қоқыстар жинап, демалушыларға үлгі көрсетті. Сонымен қатар, дамалушыларға жадынамалар таратып, туристер жүретін маңызды сүрлеу жолдарға 20 ақпараттық хабарландыру тақтасын орнатты», - деді өз сөзінде Алматы қ. жастар саясаты мәселелері басқармасының жетекшісі Санжар Боқаев.