Өткен демалыс күндері Таулы Қарабақтағы қақтығыс кезінде 33 адам мерт болып, 200-ден астамы жарақат алды. Бұл туралы БҰҰ Гуманитарлық мəселелерді үйлестіру басқармасы хабарлады.
"Əзірбайжан мен Армениядағы ресми дерек көздерінің мəліметінше, кем дегенде 30 жауынгер мен үш бейбіт тұрғын көз жұмған", делінген құжатта.
Жараланғандар туралы ресми мəлімет жоқ. Биресми ақпарларға қарағанда, жарақат алғандар саны 200-ден асады.